Зейнеткерлерден ақша алған дроппер ұсталды

Зейнеткерлерден ақша алған дроппер ұсталды
Сурет: Aikyn.kz

Ол интернет-алаяқтардың нұсқауы бойынша жұмыс істеп келген.

85 жастағы қария полицияға арызданып, белгісіз жігітке 1 млн 600 мың теңге бергенін айтқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айтуынша, оған ер адам қоңырау шалып, құқық қорғау органының қызметкері ретінде өзін таныстырған.

Қарияның немересі жол-көлік оқиғасына себепші болғанын айтып, жағдайды реттеу үшін ақша талап еткен. Осыған дейін де бірнеше зейнеткер алданған. Қолма-қол ақшаның белгілі бір бөлігін «курьер» болып жұмыс істеген жігіт өзіне қалдырып, қалғанын банк деректемелері арқылы шетелге жіберген.