Алматыда нашақорлықты жарнамалаған қос суретші ұсталды

Алматыда нашақорлықты жарнамалаған қос суретші ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы нашақорлықты насихаттаған суретшілерді ұстады.

Жұпты Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасындағы әріптестерінің көмегімен ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ғимараттардың қасбеттеріне есірткі жарнамасы бар граффитиді салып жатқан жұп ұсталды. 34 жастағы қала тұрғыны 29 жастағы серігімен бірге ұсталды. Олардан бояуға арналған баллондар мен есірткі сататын орындардың мекенжайларын жазуға арналған трафареттер табылды және тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 299-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.