Зейнетақы: кім қанша алады?

 

Редакциямызға мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақылар туралы толыққанды ақпарат білгісі келетін оқырмандар жиі хабарласады.

Қазақстан Республикасының «2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, биылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері (АЕК) – 2 917 теңге; ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге; базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге; ең төменгі күнкөріс деңгейі (КД) – 34 302 теңге; жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңге мөлшерінде белгіленген.

Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бойынша айтар болсақ, алып жүрген мөлшер 7%-ға өседі.

Қайтадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2021 жылы 46 еселенген АЕК-тен (134 182 теңге) аспауы тиіс.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын және түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы №126 Қазақстан Республикасы Заңының 12, 16-баптарында көзделген мөлшерлерде белгіленеді және күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруіне сәйкес  көбейеді.

 

* Маман түсіндірмесі

 А.ШАМИЕВА, Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру  бөлімінің басшысы:

– №1 және №2 тізімдер бойынша берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақының, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақының, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың, төрт және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру мекемелерін аяқтайтын уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) мемлекеттік жәрдемақылардың, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылардың мөлшері АЕК мөлшерінің ұлғаюына  байланысты өседі.

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақының, бала кезінен 1-топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын отбасыларға (қамқоршыларға) мемлекеттік жәрдемақының мөлшері және сонымен қатар  мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерлері (яғни 34 302 теңге) 2021 жылғы 1 қаңтардан ең төменгі күнкөріс деңгейіне сай арттырылады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *