Заңсыз қойылған жол белгісі

Заңсыз қойылған жол белгісі
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Алматыда 1600-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Бизнеске жол» жобасын іске асыру шеңберінде 99 кездесу өткізді, 1600-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, 38 кейс шешілді.

Кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін 3 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7 факт бойынша ӘҚБтК-нің 465-бабы бойынша рұқсат беру тәртібі мен мерзімін бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство атап өткендей, кәсіпкерлер ЖАО, Мемлекеттік кірістер басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және басқа да ұйымдардың қызметкерлері тарапынан олардың құқықтарын бұзу фактісі бойынша жиі жүгінеді. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне кәсіпкер кәсіпкерлер кеңсесіне қарама-қарсы «Тұраққа тыйым салынған» жол белгісін заңсыз орнату фактісі бойынша жүгінді.

 Ресми тіркеусіз орнатылған жол белгісі белгіленген тәртіпті бұзып, ЖШС қызметкерлері мен клиенттеріне тұрақ қою мүмкіндігін шектеді, осылайша кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді. Осы бұзушылық анықталғаннан кейін қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство Алматы қаласы полиция департаментінің атына хат жолдап, нәтижесінде заңсыз орнатылған жол белгісі алынып тасталды.