Заңгер Бұрхан Жансейітов үйқамаққа алынды

Заңгер Бұрхан Жансейітов үйқамаққа алынды
Сурет: Egov.kz

Заңгер Бұрхан Жансейітов үйқамаққа алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы қалалық соттың мәліметінше, Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлайды Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Б. Жансейітов 2 ай мерзімге, яғни 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тартылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, 15 шілде күні Қаржы мониторингі агенттігі Алматыда заңгер Бұрхан Жансейітовтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.