Үстел теннисінен ел спортшылары ширек финалға шықты

Үстел теннисінен ел спортшылары ширек финалға шықты
Сурет: olympic.kz

Ливан астанасы Бейрутта үстел теннисінен WTT Feeder Beirut халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Аталған сынға Қазақстан атынан 10 спортшы – Айдос Кенжеғұлов, Сарвиноз Мирқадірова, Владислав Захаров, Зауреш Ақашева, Санжар Жұбанов, Анель Бақыт, Искандер Харки, Ангелина Романовская, Ирисбек Артықметов, Арай Ашкеева өнер көрсетті.

Өкінішке қарай, біздің теннисшілер жүлделі орыннан көрінген жоқ. Бірақ құрмет тұғырына ең жақын Анель Бақыт / Ангелина Романовская және Зауреш Ақашева / Сарвиноз Мирқадірова орналасты.

Олар әйелдер арасындағы жұптық сында ширек финалға дейін жетті.

22 наурызда Бейрутта WTT Feeder Beirut II турнирі басталады. Аталған сында құрамаға Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев те келмек.