Қоғам қайраткері Всеволод Лукашев Алматыдағы сайлауда дауыс берді

Қоғам қайраткері Всеволод Лукашев Алматыдағы сайлауда дауыс берді
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгінде көптеген сайлау учаскелерінде әртістерді, еңбек сіңірген және қоғам қайраткерлерін байқауға болады.

Солардың бірі - "Қазақстандық Орыс мәдени орталығы" қоғамдық ұйымының төрағасы және Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Всеволод Лукашев, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Біз реформалардың жалғасуы және Қазақстандағы өмірдің жақсаруы үшін президентті таңдауға барамыз, бұл маңызды. Әр адамның өз еркін білдіруі және сайлауға келіп, өз даусын беруі маңызды", - деп атап өтті Всеволод Лукашев. 

Ол өз дауысын Қазақ-Америка университетінде орналасқан №239 сайлау учаскесінде берді.