Ұшақтың есігін ашып жіберген жолаушы полицияға тапсырылды

Ұшақтың есігін ашып жіберген жолаушы полицияға тапсырылды
Сурет: интернеттен

Әлеуметтік желіде ұшақтың апатты есігін негізсіз ашып жіберген жолаушының видеосы тарады.

Қазақстанның авиация әкімшілігі жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тиісті тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«2023 жылғы 23 желтоқсанда «Шымкент – Алматы» бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының КС7106 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 01:19-да қонғаннан кейін жолаушы апаттық есікті ашты. Борт тексеріліп, ұшуларды орындауға рұқсат етілді. Жолаушы шара қолдану үшін Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген Азаматтық авиация комитетінде.

Комитеттің хабарлауынша, жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Қазақстанның авиация әкімшілігі тиісті тексеру жүргізеді.

«Тексеру есікті өз бетімен ашқан жолаушыға да, автотрап беруге жауапты әуежай қызметтеріне де қатысты жүргізілетін болады», - делінген мәліметте.