АҚШ-тағы Ида дауылы 45 адамның өмірін жалмады

АҚШ-тағы Ида дауылы 45 адамның өмірін жалмады Сурет: 24tv.ua

АҚШ-та жойқын дауыл салдарынан елдің кей штаттарында төтенше жағдай енгізілді


Ең қатты зардап шеккен Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарында ондаған адам көз жұмды. Пенсильвания штатында да опат болғандар бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бейсенбі күні Құрама штаттардың шығыс жағалуында нөсер жауын толастамаған. Бұған дейін АҚШ-тың солтүстік-шығысында 29 адамның көз жұмғаны хабарланған еді. Сәрсенбі күні үш штаттың билігі «Ида» дауылына байланысты өз аумақтарында төтенше жағдай режимін енгізді. Бірнеше сағаттың ішінде Нью-Йоркте 15-25 cм жауын-шашын түскен. Жергілікті тұрғындардың телефондарына су басу және торнадо қаупі туралы хабарлама келген. Бруклин мен Квинс аудандарында жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде көшелер, үйлер, метрополитен стансаларын су басқаны туралы жазды. Нөсер жауын салдарынан үш қалалық әуежай жұмысы уақытша тоқтатылған, қалада өтіп жатқан АҚШ-тың теннистен Ашық чемпионатының (US Open) бірнеше матчы тоқтатылды.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22