Ұн қымбаттап барады

Ұн қымбаттап барады
Сурет: Apk-news.kz

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұн Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында қымбаттаған. 

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте осы жылдың 9 айындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға жағдайы талқыланды.

«Қыркүйек айының ортасында астық нарығының конъюктурасының өзгеруіне байланысты жекелеген өңірлерде бидай бағасы көтерілді. Бағаның өсуіне күн райының қолайсыздығы, отандық астық өңдеушілерге Ресейден жеткізілетін астықты тасымалдау үшін вагондардың жетіспеушілігі себеп болған», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.