Ұлттық құрама қоржыны кезекті күміспен толықты

Ұлттық құрама қоржыны кезекті күміспен толықты
kazsports.kz

Анастасия Ананьева Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақ спортшысы слаломды ескек есуден финалда тек жарыс қожайыны Цзюань Хуанға есе жіберді (107.71). 19 жастағы Анастасияның көрсеткіші – 119.29. Үздік үштікті жапониялық Харука Оказаки (119.59) түйіндеді.

Ананьева былтыр Таиландтың Паттайя қаласында өткен Азия чемпионатында күміс және қола жүлдеге қол жеткізген.

Қазір Қазақстан қоржынында 69 медаль болды. Оның 9-ы алтын, 19-ы күміс, 41-і қола.