Үлкен Алматы көліне бара жатқандардың алдынан қар барысы шыққан

Үлкен Алматы көліне бара жатқандардың алдынан қар барысы шыққан
Сурет: ашық дереккөз

Видеодан үлкен «мысықтың» адамдарды байқап, тау-таспен жоғары асығыс көтеріліп бара жатқанын көруге болады.

Үлкен Алматы көліне барар жолда қар барысы төбе көрсетті, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жолмен кетіп бара жатқан көліктегілер сирек жануарды видеоға түсіріп алған.

Жануар жолды кесіп өткенде көліктегілер шошып қалған, ал түз тағысы оларды көріп қауіптеніп қаша жөнелген. 

Видеодан үлкен «мысықтың» адамдарды байқап, тау-таспен жоғары асығыс көтеріліп бара жатқанын көруге болады.