Қытайда аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

Қытайда аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды Сурет: ашық дереккөз

Қытайдың ұлттық метеорологиялық орталығы бейсенбі күні елдің көптеген аймағында күннің қатты ысуына байланысты биылдыққа алғаш рет «қызғылт сары» ескертуін жариялады, бұл – екінші орындағы жоғары қауіп деңгейі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Елдің метеорологиялық орталығы 23 маусымда күндіз Солтүстік Қытай және Хуанхэ мен Хуайхэ өзені бойындағы аймақтарда ауа температурасы 35 градустан жоғары болатынын хабарлады.


Болжам бойынша, Хэбэй мен Шаньдун провинцияларының кей жерлерінде және Бейжің мен Тяньцзинь қалаларында температура 40 градусқа жетуі мүмкін.


Кеше сағат 9:00-де Бейжіңде ауа температурасының жоғары болуына байланысты «қызғылт сары» ескертуі жарияланды. Болжам бойынша Қытай астанасының көптеген аудандарында аптап ыстық сенбіге дейін сақталады.


Айта кетсек, сағат 8:00 мен 16:00 аралығында Хэбэй мен Шаньдун, Бейжің және Тяньцзинь провинцияларының бір бөлігінде ауа температурасы 40 градустан асқан. Осы төрт провинция аймағында орналасқан 17 мемлекеттік метеорологиялық станция ауаның рекордтық жоғары температурасын тіркеді. Бейжің метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, қаланың оңтүстігіндегі Наньцзяо метеорологиялық стансасында сағат 15:19-да ауа температурасы 41,1 градус болған.


Қытайда жоғары температураға байланысты үш деңгейлі ескерту жүйесі қабылданған: қауіптіліктің ең жоғары деңгейі – қызыл түс, одан кейін қызғылт сары және сары түс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42