Ұлыбританияда ковидтің жаңа түрі тарап жатыр

Ұлыбританияда ковидтің жаңа түрі тарап жатыр
Сурет: Iz.ru

Бұл жағдай дәрігерлердің алаңдаушылығын туғызып отыр.

Ресми мәліметтерге сәйкес Англия мен Шотландияда әрбір 24-ші адам вирусты жұқтырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шамамен 150 мың адам үйден тест сынамаларын жасап, осындай нәтиже көрсетіп отыр. Вирустың жас талғамайтыны анықталған. Бірақ ол 65 жастан асқан адамдардан гөрі 18 бен 44 жас аралығындағы тұрғындардан көбірек табылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты зерттеуді қажет ететін Омикронның жаңа түрі деп, оған JN.1 деген атау берді. Оның Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Тынық мұхитының батыс бөлігінде және Еуропа елдерінде кеңінен тарағаны белгілі болып отыр.

Қазіргі таңда JN.1 аса қауіпті екендігін дәлелдейтін әзірге зерттеу нәтижелері жоқ. Ковидке қарсы вакциналардың жаңартылған түрлері адам ағзасының иммунитетін күшейтеді дейді мамандар. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағылар науқастар санының артуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.