Ұлыбритания билігі инвесторларға арналған «алтын виза» беруді тоқтатуы мүмкін

Ұлыбритания билігі инвесторларға арналған «алтын виза» беруді тоқтатуы мүмкін
Сурет: Elorda.info

Қазақстандық байлар британиялық «алтын визадан» айырылуы мүмкін

Елдің мұндай қадамға баруына Ресейдің соңғы уақытта Украинаға қатысты саясаты түрткі болып отыр. Жергілікті ІІМ-нің пікірінше, мұндай визаның жойылуы ақшаны жылыстатуды шектейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Бұл бағдарламаның ережелері бойынша, елге 2 млн фунт стерлинг көлемінде инвестиция құйғандар Ұлыбританияда үш жыл бойы тұру құқығына ие болып, кейін оны екі жылға ұзарта алады.

Tribune India басылымының дерегіне сүйенсек, 2008 және 2020 жылдары аралығында мұндай визаны әлемнің бірқатар елінің ауқатты азаматтары алған. Бұл тізімде Қытай көш бастап тұр. Осы күнге дейін 4106 қытайлық азамат Ұлыбританияға инвестиция салып, елде тұру мүмкіндігіне ие болды. Одан кейінгі орындарда Ресей (2 526), Гонконг  (692), АҚШ (685) тұр. Ал Қазақстан (278) бұл тізімде алтыншы орында.