Үкімет басшысы бірқатар ЖЭО-ын жөндеуді тапсырды

Үкімет басшысы бірқатар ЖЭО-ын жөндеуді тапсырды
Сурет: Primeminister.kz

Елдегі жылу электр орталықтарында бірқатар заңсыздық анықталды.

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Прокуратура осындай 11 жекеменшік нысанға тексеріс жүргізген. Станцияларда қондырғылар әбден тозған. Мұның соңы жылу беру маусымында апатқа әкелуі мүмкін. Бұл туралы экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында, уәкілетті органдарға станцияларда күрделі жөндеу жасау бойынша меншік иелерімен жұмыс істеу тапсырылды.