Қазақстан ел ішінде тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша нәтижелі жұмыс істеуде

Қазақстан ел ішінде тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша нәтижелі жұмыс істеуде Сурет: 24.kz

Мұны БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты-үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори елордада өткен брифингте мәлімдеді.


Айтуынша, елімізде ана өлімі азайған және урбанизация процесі баяулаған. Қазіргі таңда республика бойынша тұрғындардың жартысына жуығы қалалық жерде тұрады.


Сонымен қатар, Микаэла Фриберг-Стори,  Қасым-Жомарт Тоқаевтың су ресурстарын басқаруға қатысты реформасын және Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатудағы бастамаларының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.



«Біз Қазақстан Үкіметінің елді таза сумен қамтамасыз етуге айрықша көңіл болып отырғанын атап өткіміз келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұл трансшекаралық маңызды мәселе деген болатын. Біз қазір су ресурстары бойынша жаңа кодекс әзірленіп жатқанын және мамандандырылған арнайы министрлік құрылғанынан білеміз. Мұның барлығы тұрақты даму мақсаттарын одан әрі іске асыруға ерекше серпін беретініне сенімдімін», - дейді  БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі  Микаэла Фриберг-Стори.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04