WhatsApp-та сапалы видео таңдайтын функция пайда болады

WhatsApp-та сапалы видео таңдайтын функция пайда болады
Сурет: El.kz

WABetaInfo көптен күткен мүмкіндік туралы жазды.

Мессенджерде белгі пайда болады, соның арқасында пайдаланушылар өздері жіберетін бейнелердің сапасын таңдай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

WhatsApp-та қолданушыларға жоғары сапалы видеоны бөлісуге мүмкіндік беретін функция пайда болады. Пайдаланушылар бейне файлдарды жоғары сапада жібере алады. Опция бейненің өлшемін сақтайды, бірақ файлдар сығымдалған күйде қалады.

"Бұл параметр видеоның өлшемдерін сақтайды, бірақ ол әлі де сығымдалады. Бұл опция пайдаланушыларға бейнелерді бастапқы сапада бөлісуге мүмкіндік береді деген сөз емес. Бірақ осы арқылы сапа шынымен де жақсарады деп сендіре аламыз" - делінген хабарламада.

WABetaInfo мамандары функцияның әзірленіп жатқанын,  қосымшаның болашақ жаңаруында жаңа опция іске асырылуы мүмкін екенін атап өтті.