Велосипед тебу пайдалы

Велосипед тебу пайдалы
Сурет: Velotown.ru

Алматы экологиялық көлікті тұтыну бойынша көш бастап тұр. Осыған қатысты пайдалы кеңестерді ұсынамыз:

Біріншіден, дене бұлшық еттері жаттығады.

Екіншіден, бойыңызды басқан ауыр жүктен құтыласыз.

Үшіншіден, артық салмақтан арыласыз.

Төртіншіден, жамбас, шат, аяқ бұлшық еттеріне массаж болады.

Бесіншіден,  қоңыржай ауа райы бойды сергітуге көмектеседі. Сонымен қатар көңіл-күйіңіз көтеріледі.

Ғалымдар таңғы ауамен және кешкі салқынмен велосипед тепкеннің пайдалы екенін айтуда. Мамандар жеңіл экотранспортты күніне кем дегенде 1-2  сағат қолдануды жөн санайды.