Василий Левит лауазымды қызметке барды

Василий Левит лауазымды қызметке барды
almaty-akshamy.kz

Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына танымал былғары қолғап шебері Василий Левит тағайындалды.

Ол 1988 жылы Қостанай облысында туған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиялық ойынға қатысқан. Бокстан 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, – деп хабарлады дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Айта кетсек, Василий Левит 2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы қызметін атқарған.