Вакцина салдырған алматылықтар не дейді?

Алматыда сәуір айының алғашқы күндері 17 мыңнан аса тұрғынға вакцина салынған. Қалалық ауруханалардан бөлек, сауда- ойын-сауық орталықтары мен Республика сарайында да вакциналау жұмыстары жүргізілді.

Осы тұрғыда вакцина алған тұрғындар не дейді?

Юлия Протасова, алматылық:

— Әкем 69 жаста. Корнавирусқа қарсы екпе салдырғаннан кейін ағзасында ешқандай реакция болған жоқ. Сондай-ақ, кеше 25 жастағы құрбым да екпе алды. Оның бойында аздап әлсіздік пайда болған.

Ольга Зеленова, шаһар тұрғыны:

— 5 сәуір күні вакцина салдырған болатынмын. Екпеден кейін екінші күні кешке дене қызуым 37,4-ке көтеріліп кетті. Сол мезетте таңқураймен шай ішіп, ұйықтап қалдым. Таңертең  көңілді және денем сау болып ояндым. Вакцина — коронавирус індетін ауыздықтайтын бірден-бір жол деп санаймын.

Әзірлеген Айжан БҮРКІТБАЕВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *