Түркияда жер сілкінді

Түркияда жер сілкінді
Сурет: ашық дереккөз

Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында 10:05-те 4,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Табиғат апаттары және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) дерегінше, ошағы Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында орналасқан күші 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала 22,17 шақырым тереңде болған.

Биыл 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі зілзала (жепгілікті уақытпен 04:17-де 7,7 балл және 13:24-те 7,6 балл) болғанын еске сала кетейік.

Жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 50 мың адамнан асты. Зізала көршілес елдер – Сирия, Ливан, Солтүстік Кипр, грекиялық Кипр мен Иранда сезілді.