Түркияда ірі өрттен 18 кәсіпорын зардап шекті

Түркияда ірі өрттен 18 кәсіпорын зардап шекті
Сурет: Anadolu Agency

Аданадағы қоқыс өңдеу зауытында белгісіз себептермен өрт шықты. Жалын косметика фабрикасы мен басқа да кәсіпорындарға жылдам тарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Хабарлама алынғаннан кейін өрт шыққан аймаққа жедел жәрдем бригадалары, полиция және өрт сөндіру бөлімшелері жіберілген.

photo

Өрттен 18 кәсіпорын зардап шекті.
Адана губернаторы Сүлейман Элбан журналистерге өрттің аз уақыт ішінде басқа кәсіпорындарға тарағанын айтты. Өңірге жақын маңдағы провинциялардың өрт сөндірушілері де келе бастады.

«Бір қуантарлығы – адам шығыны жоқ. Өрттен зардап шеккен кәсіпорын саны – 18», - деді Эльбан.

Жалынды ауыздықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға себебі анықталуда.