Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 23 мыңнан асты

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 23 мыңнан асты
сурет:dw.com

6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болды.


Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандардың саны 23 700 адамнан асты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Соңғы жиырма жылдықтағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың расталған саны Түркияның оңтүстігінде және Сирияның солтүстік-батысында 23 700-ден астам адам болды», - делінген агенттіктің хабарламасында.