Түркістандық полицей тасқын суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарды

Түркістандық полицей тасқын суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарды
Сурет: Ашық дереккөз

Түркістан облысында тәртіп сақшысы тасқын суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқиға 2 ақпан күні болған. Сауран ауданын су алған сәтте, Шаға ауылында кезекшілікте жүрген учаскелік полиция инспекторы Абай Байжұман белгісіз ер адамның тасқын суға құлап кеткенін көрген.

Бірден көлікті тоқтатқан ол киіммен суға кіріп, ағын судың ортасында болған ер азаматты қауіпсіз жерге алып шыққан. Кейін құтқарылған адамды "жедел жәрдем" қызметкерлері ауруханаға алып кеткен.

«Қиын сәтте Түркістан облысының полицейлері жұдырықтай жұмылып, азаматтарды эвакуациялауға және олардың мүлкін қорғауға атсалысып жатыр. Мәселен, небары 2 күн ішінде Түркістан облысының полицейлері арнайы мамандармен бірге 200-ден астам адамды эвакуациялап, қауіпсіз жерге алып шықты», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.