Түркістанда бәйшешек гүлдеді

Түркістанда бәйшешек гүлдеді
Сурет: интернеттен

Соңғы кездері осы құбылыс жиі қайталанатын болған.

Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лапыздар тұқымдасына жататын бәйшешектің бұл түрі Қазақстанда сирек кездеседі

"Сырдария-Түркістан мемлекет өңірлік табиғи паркіне" қарасты ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы ерекше сәтті мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков суретке түсіріп алған.

Мекемедегі ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі меңгерушісінің айтуынша, бәйшешектің бұл түрі кессельринг лапызы деп аталады.

Лапыздар тұқымдасына жататын бұл өсімдік Қазақстанда сирек кездеседі. Алайда республикада таралу аймағы кеңдеу, Батыс Тянь-Шань тау етегінен, Қаратау аласа тауынан және Шу-Іле тауларынан басқа Памир-Алай тауында өседі. Тіпті Қазақстан қызыл кітабының екінші басылымына енгізу ұсынылған.

Кессельринг лапызы – сабағы жалғыз және тіке, биіктігі 6-10 см болатын көпжылдық өсімдік. Жапырақтары гүлімен қоса өседі, ал ені 1 см-ге дейін болады. Гүлдері ақ, қоңырау тәріздес болып келеді. Наурыз-мамыр айлары аралығында гүлдейді.