Ұлттар лигасы: Бүгін Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен кездеседі

Ұлттар лигасы: Бүгін Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен кездеседі
Cурет: Ашық дереккөз

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Әзірбайжан және Словакия командаларынан басым түсті

Бүгін Қазақстан футболдан Ұлттар лигасы аясында кезекті ойынын өткізеді. Футболшыларымыз сырт алаңда Беларусь құрамасымен сайысқа түспек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады.

С дивизионының үшінші тобындағы ойын Сербияның Нови-Сад қаласында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады. 

Мұның алдындағы ойындарда Қазақстан құрамасы Әзірбайжан (2:0) және Словакия (1:0) командаларынан басым түскен болатын, ал Беларусь өз кезегінде Словакиядан 0:1 есебімен ұтылып, Әзірбайжанмен тең түсті (0:0).

Айта кету керек, 13 маусымға Қазақстан - Словакия, Әзірбайжан - Беларусь ойындары белгіленген. Ұлттық құраманың Словакиямен ойыны «Астана Арена» стадионында жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады.