Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Cурет: Inform.kz

Сәбилерге Ардана, Елдана, Нұрдана есімдері берілді

Түркістан облысы Сайрам ауданы, Көлкент ауылының тұрғыны Карима Ырысдәулетова үш қызды өмірге әкелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бұл 23 жастағы Карима Ырысдәулетованың тұңғыш сәбилері. Жас ана №2 облыстық перинаталдық орталықта босанды. Мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен ота жасалып, ол сәтті өтті. Қазір жас ананың жағдайы жақсы. Шақалақтардың да денсаулығы қалыпты. Қыздарға Раяна, Разия, Райхана есімі берілді. Олар перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Айта кетейік, бір апта бұрын 26 жастағы сарыағаштық тұрғын үшемді өмірге әкелген болатын. Сәбилерге Ардана, Елдана, Нұрдана есімдері берілді.