Тұрғымбаевқа тығырық таянды

Тұрғымбаевқа тығырық таянды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев билігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді

Ерлан Тұрғымбаев 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылуда, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Оған 361-баптың 1-бөлігі (лауазымдылық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша іс қозғалған. Алайда оның ісін 362-бап бойынша яғни, өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін қудалауы ықтимал.

Қантар оқиғасына байланысты тергеудің екінші кезеңі басталды. Тергеуге бұрынғы Ішкі істер министрінен басқа Талдықорған қалалық полициясының бұрынғы бастығы Асқар Нұрсапа, Қарасай аудандық полициясының бұрынғы бастығы Болат Тотыбаев секілді бірқатар лауазымды тұлғалар іліккен.

Бас прокуратура барлық облыстар мен аудандардың, қалалардың прокуратураларына 2022 жылдың қаңтарында орын алған жағдайға байланысты барлық облыстардың, аудандардың және қалалардың полиция бастықтарынан жауап алу туралы бұйрық берген.

Тұрғымбаев 2019 жылғы ақпан айында Ішкі істер министрі болып тағайындалып, 2022 жылғы ақпанда отставкаға кетті. Бұдан әрі Президент кеңесшісі, ШЫҰ-ның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалған.