Тың бастама

Қытай елінде бастауыш және орта мектеп оқушыларына мектепке телефон апаруға тыйым салынды.

Осылайша билік балалардың көзін қорғап, интернетке тәуелділігін азайтуды көздеуде. Сондай-ақ, бұл бастама оқушылардың сабаққа ден қоюына да септігін тигізеді дейді мамандар. Егер мұғалім ондай жағдайды байқап қалса, баланың телефонын тартып ала алады да, семестр аяқталған кезде ғана қайтарып береді. Жаңа ережелерге сәйкес, мұғалімдерге де ұялы телефон арқылы тапсырма беруге болмайды.

Қытайда кәмелетке толмағандардың 74 пайызы смартфон пайдаланады. 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 91 пайызы үнемі гаджеттерді қолданатын көрінеді. 9-10 жастағы балалардың ұялы телефонды пайдалану уақыты ересектердікімен бірдей болып шыққан. Салдарынан елде көру қабілеті нашарлаған жастар көбейіп барады.

«Қиындыққа күліп қара»

Каирде күлкі йогасын жаңа трендке айналдырған жұртшылық осындай пікірде.

Бұл әдістің әсіресе коронавирус індеті кезіндегі көмегі зор. Еш себепсіз көңіл көтеру арқылы үрей мен қорқыныштан және тұрмыс тауқыметінен оңай арылуға болады. Мамандар пікіріне сүйенсек, адам күлген кезде ағзаға бақыт гормоны – эндорфиндер көптеп бөлінеді. Күлкі биохимияны бірнеше минуттың ішінде өзгерте алады екен.

 

Жылжымалы театр

Каир қаласында театр қойылымын үйдің балконында тұрып көруге болады.

Египет астанасында Мәдениет министрлігінің бастамасымен жылжымалы театрлар ашылды. Олар шаһардың кедей аудандарындағы халықты ағарту үшін қолға алынған деседі.

Қойылымға қажетті сахна мен құрал-жабдықтар жүк көлігімен тасымалданады. Қалада алғашқы театр қаңтар айының соңында ашылған. Жылжымалы театрды енді өзге өңірлерде ашу жоспарлануда.

 

 Мейрамхана – 1 доллар

 

АҚШ-тың Айова штатында тұратын кәсіпкер Ли Чжан өзінің жеке мейрамханасын 1 долларға сатады.

Оған пандемияның ауыр қаржылық салдары себеп болған. Сонымен қатар, төленбеген жалдау ақысы да жиналып қалған көрінеді. Соңғы бір жыл ішінде мейрамхана кәсіпкерге ешқандай пайда әкелмеген. The Gazette-нің хабарлауынша, мейрамхананы жалға алу құны айына 5000 долларды құрайды. Бұл – мекеменің тұрақты шығындарының бірі ғана. Мейрамхананы сатып алуға бірнеше адам қызығушылық танытқан.

 

Дайындаған Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *