Туристік көрмелердің көмегі көп

Туристік көрмелердің көмегі көп
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында туристер ағынын 25,5% - ға арттыруға көмектесті

Алматыда жыл сайын қаланы туристік дестинация ретінде ілгерілету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасы «Орталық Азия елдерінде туризмді дамыту» тақырыбы бойынша өткен баспасөз конференциясы аясында хабарлады. Соның арқасында бірінші жартыжылдықтағы туристер санының жалпы динамикасы 25,5% - ға өсті. 

Мәселен,сәуір айында қалада Орталық Азиядағы ең ірі KITF-2023 «Туризм және саяхат» туристік көрмесі өтті. Оған туризм саласының 2 мың өкілі, әлемнің 22 елінен 200 компания қатысты. Көрмеге 4,1 мыңнан астам адам келді. Сондай-ақ, 2023 жылғы 29 қыркүйектен 2 қазанға дейін «Mount-Fest» тау туризмі фестивалі өткізілді, оған 1800-ден астам адам қатысты. Тау туризмін дамыту бойынша спорттық іс-шаралар мен форум ұйымдастырылды. 10 қазанда 11 халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Тұрақты қонақ үйлер туристік брендтің негізі» тақырыбында VI қонақ үй форумы өтті. Ал 4-5 қарашада халықаралық деңгейдегі аспаздар мен food-блогерлердің қатысуымен гастрономиялық туристік фестиваль ұйымдастырылып, оған 15 мыңнан астам қатысты.

«Еске салсақ, 27 қарашада WHERETOEAT Kazakhstan алғашқы мейрамхана сыйлығы өтеді. Сондай-ақ, Алматының туристік компаниялары халықаралық бейіндік көрмелерге, роуд-шоу форматындағы іс-шараларға қатысады, онда туристерді қабылдау бойынша әлеуетті және қазіргі серіктестермен B2B кездесулер өткізеді. Ағымдағы жылы жақын және алыс шет елдердің қалаларында 8 Road-show өткізілді», - деп атап өтті туризм басқармасы.