Тоқаев Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады

Тоқаев Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады
Сурет: интернеттен

Сапар барысында екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған.

24-25 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында мәлім етті.

«Сапар барысында екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздерде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективалары қарастырылмақ», - деп жазды Берік Уәли.

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікірлер ортаға салынады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ.