Петропавлда карантин күшейтілді

Петропавлда карантин күшейтілді
Сурет: Inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысында карантин тәртібі күшейтілді

Өңірде соңғы екі аптада 2000 адам ауыруға шалдыққан. 51 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Аққайың, Айыртау, Мағжан Жұмабаев аудандарында вирусты жұқтыру деректері 2-2,5 есеге көбейіп кеткен. Облыс әлі де «қызыл» аймақта. Бүгінгі күнге дейін 230 мың адам вакцина салдырған.

«Отбасылық іс-шаралар, яғни банкеттер, үйлену тойы, мерейтой секілді мерекелерді өткізуге тыйым салынады. Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де жиын тойларға рұқсат етілмейді»,- дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.