Токио Олимпидасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа 50 000 АҚШ доллары берілді

Токио Олимпидасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа 50 000 АҚШ доллары  берілді
Сурет: Іnform.kz

Жүлдегерге сыйақы табысталды.

InterContinental Almaty қонақ үйінде бокстан Токио-2020 Олимпиадасының жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы табыс етілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаевқа 50 000 АҚШ доллары, Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы - Мырзағали Айтжанов пен Сейітжан Төкеновке 10 000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сертификат табыстады. Сондай-ақ, құраманың бапкерлері мен Олимпиада қатысушылары да назардан тыс қалған жоқ.

Дәлірек, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы - Марат Жақиев, Нұрлан Ақүрпеков, Марат Манашев, Роман Миничкин, Олимпиадаға қатысқан боксшы Серік Теміржанов бағалы сыйлықтармен марапатталды.