Тоқаевтың студент кезіндегі фотосы жарияланды

Тоқаевтың студент кезіндегі фотосы жарияланды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің Telegram парақшасында  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың студент кезіндегі фотосы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды. Фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан.

 Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл

«Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін», - Президенттің сұхбатынан үзінді.