Тоқаев халық әртісі Юрий Померанцевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Тоқаев халық әртісі Юрий Померанцевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Cурет: Ақорда

Юрий Борисович қазақ театры мен киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Юрий Померанцевтің қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көңіл айту жеделхатын ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.

«Ерекше талантты актер, көрерменнің көзайымы болған тұлға Юрий Борисович қазақ театры мен киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол бізге терең мағыналы, шынайы сезімге толы ерекше туындылардың тұтас шоғырын сыйлады. Юрий Померанцевтің өмірі мен шығармашылық жолы — өнерге деген адалдық пен риясыз қызметтің, патриотизмнің, парасаттылық пен жомарттықтың үлгісі. Юрий Борисович халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген тұлға. Ол жас ұрпақтың дана тәлімгері болды», – делінген жеделхатта.

Белгілі қазақстандық актер Юрий Померанцев 100 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Лермонтов атындағы театр қаралы хабарды растады.

Юрий Борисұлы - кеңестік және қазақстандық театр және кино актері, режиссер, Халық әртісі және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Ері, "Еңлік гүл" сыйлығының, "Сахнагер" ұлттық театр сыйлығының және "Алтын Адам" ұлттық сыйлығының иегері, Әлемдегі алғашқы балалар театрының негізін қалаушылардың бірі. Ол Шәкен Аймановтың "Біздің сүйікті дәрігер" фильмі арқылы көпке кеңінен танымал.