Тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды

Тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: almaty-akshamy.kz

25 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Теміртау, Өскемен, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Астанада ауа сапасы біршама нашарлайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.