«Титаникті» тамашалауға кеткен «Титан» әлі табылмады

«Титаникті» тамашалауға кеткен  «Титан» әлі табылмады
Сурет: Rfi.fr

Солтүстік Атлантикада жоғалып кеткен туристерден әлі хабар жоқ.

Іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Канадалық ұшақ экипажы бір дыбысты естігенін хабарлады. Қазір сол шудың қайдан келгенін анықтау үшін суға робот жіберіліп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Титан» атты батискаф 3 турист және 2 экипаж мүшесімен жексенбі күні ғайып болды. Олар 1912 жылы құрдымға кеткен «Титаник» кемесінің қалдықтарын зерттеу үшін мұхит түбіне түскен. 

Естеріңізге сала кетейік, "Титаник" кемесінің қирандыларына туристерді әкелген жеке сүңгуір қайық байланысын тоқтатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.