ІІМ Алматы академиясының амбассадоры жүзуден бас жүлде алды

ІІМ Алматы академиясының амбассадоры жүзуден бас жүлде алды
Сурет: ҚР ІІМ

Жеңімпаз өзінің жеңісін Қазақстан полициясы күніне арнаған.

ІІМ Алматы академиясының амбассадоры жүзуден әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, спортшы 15-18 маусым аралығында Италияда өткен жыл сайынғы алыс қашықтықта жүзуден әлемдік марафонға қатысқан. Алия Жолдасбаева Орта теңізін ең алыс – 14 шақырым қашықтықта бірінші болып жүзіп өтіп, бас жүлдеге ие болды. Алия Жолдасбаеваның есімі бүкіл әлем бойынша жеңімпаздардың аттары жазылған тақтайда жазылды.

Жеңімпаз өзінің жеңісін  Қазақстан полициясы күніне арнады.