Елімізде вакцинаның толық компонентін салдырғандар саны 6 миллион 200 мыңнан асты

Елімізде вакцинаның толық компонентін салдырғандар саны 6 миллион 200 мыңнан асты
Сурет:  Mskcc.org

Коронавирустың алдын алу

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәулікте қауіпті індетке қарсы вакцина салдырғандар санын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2021 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 334 870 адам, 2-ші компонентін 6 201 253 адам салдырды.