Теміржол билеттері жеңілдікпен сатылады

Теміржол билеттері жеңілдікпен сатылады
Сурет: Вugin.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Сәтті сәрсенбі» акциясын бастады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне жеңілдік жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жолаушылар 15, 22 ақпанда және 1, 8, 15 наурызда жүретін пойыздарға билеттерді 50% дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Бұл туралы  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хабарлады.
Билет акциямен мына бағыттарға сатылады:

– № 3/4 Алматы – Астана – Алматы (Тұлпар-Тальго);
– №9/10 Алматы – Астана – Алматы (Бәйтерек);
– №37/38 Маңғыстау – Семей – Маңғыстау;
– №45/46 Павлодар – Түркістан – Павлодар;
– №47/48 Атырау – Астана – Атырау;
– № 65/66 Жезқазған – Астана – Жезқазған (Тұлпар-Тальго);
– № 79/80 Астана – Арқалық – Астана (Тұлпар-Тальго);
– № 81/82 Астана – Қостанай – Астана (Тұлпар-Тальго);
– №313/314 Атырау – Маңғыстау – Атырау;
– №613/614 Бейнеу – Орал – Бейнеу;
– №623/624 Астана – Петропавл – Астана.

«Алтын», «Күміс», «Жастар», «Саяхатшы» жеңілдік карталарын ұстаушылар қосымша жеңілдік ала алады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады.