Теміртауда футбол ойыны кезінде жаппай төбелес болды

Теміртауда футбол ойыны кезінде жаппай төбелес болды
Cурет: Ашық дереккөз

Екі команда арасында жанжал туындаған

Полицейлер Теміртауда Наурыз мерекесіне арналған шағын футбол турнирінде төбелескен адамдарды іздестіруде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Турнир ұйымдастырушылары полицияға бұқаралық шара өтетінін туралы  және оқиға болғаннын кейін де хабар бермеген.

«Тelegram арналарының бірінде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында шағын футбол барысында екі команданың ойыншылары арасында жанжал туындаған видео тарағаны анықталды», – деп хабарлады облыстың полиция департаментінен.

Іс Теміртау полициясында тіркелген. Қызметкерлер оқиғаға қатысушыларды  және мән-жайды анықтайды.