Теміртауда 300 орам «синтетикалық» есірткі тәркіленді

Теміртауда 300 орам «синтетикалық» есірткі тәркіленді
Сурет: Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі

Тергеу жүргізілуде.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Теміртау қаласында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы азаматша ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеріс барысында полиция қызметкерлері одан ерекше иісті, ұнтақ тәрізді 300 орам зат тәркіледі.

«Жүргізілген сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 387 гр. екі түрдегі синтетикалық есірткі зат екені анықталды.  Ұсталған азаматшадан жауап алу барысында күдікті тәркіленген заттарды интернет-дүкеннен алып, екі ай бойы сатып жүргендігі туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.