Теміржолда жолаушы тасымалдау 33% артқан

Теміржолда жолаушы тасымалдау 33% артқан
Сурет: Rail-news.kz

Биыл қаңтар-тамыз айларында теміржол көлігімен 13,1 млн адам қатынаған.

Сегіз айдың қорытындысы бойынша, теміржол көлігі саласындағы компаниялардың кірісі бір жыл бұрынғы 739,6 млрд теңгенің орнына 851 млрд теңгеге жетіп, құндық мәнде 15,1% өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Кірістің басым бөлігі жүк тасымалдаудан түскенн: 786,4 млрд теңге. Қалған 64,6 млрд теңге жолаушылар тасымалына тиесілі.

Биыл қаңтар-тамыз айларында теміржол көлігімен 13,1 млн адам қатынаған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 32,6% артық. Өңірлік тұрғыда жолаушылардың басым бөлігі елордада, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында. Ең азы Батыс Қазақстан облысында.

2022 жылы жолаушылар айналымы 11,1 млрд ткм-ге жетті. Бұл бір жыл ішінде 38,4% өсті.

Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 273 миллион тонна жүк пен багаж тасымалданды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен шамамен бірдей (минус 0,2% ғана).

Ең көп жүктер мен багаж Ақтөбе және Ақмола облыстарында, сонымен қатар елордада. Ең азы Батыс Қазақстан облысында тасымалданған. Еліміздегі жүк айналымы 5,4% өсіп, 206,2 млрд ткм болды.