Талдықорғанда көлік ұрламақ болған рецидивист ұры ұсталды

Талдықорғанда көлік ұрламақ болған рецидивист ұры ұсталды
сурет:pravovedus.ru

Күдікті қаланың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талдықорғанда көлікті айдап кеткен күдіктінің бірнеше ұрлыққа қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz POLISIA.KZ телеграм каналына сілеме жасап.

2023 жылғы 16 ақпанда полиция қызметкерлерінің алдынан шыққан Audi-80 автокөлігі күмән тудырған. 

Жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын елемей, керісінше, жасырынуға тырысып, қаша бастаған. Алайда күдікті ұсталып, тергеу абақтысына жабылды.

Ол бұрын бірнеше рет сотталған 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Көлікте аккумулятор болмаған соң, жақын жерде тұрған Volkswagen көлігінің аккумуляторын ұрлап кеткен.