Тағы бір «Салтанат» соққыға жығылды

Тағы бір «Салтанат» соққыға жығылды
Сурет: Egemen.kz

Әйелдерге қол көтеру тыйылмай тұр. 

Алматыдағы тұрғын үйдің ауласында ер адам өзінің бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үй кешенінің ауласында ер адам әйелдің телефонын жерге лақтырып, сындырып, кейін әйелді аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады.

Жазба авторы Жанна Ахметова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдің есімі Салтанат екенін жазған. Әйел 11 жыл отбасылық өмірден кейін ажырасуға шешім қабылдады. Балаларын алып, Тараздан Алматыға көшті. Автордың айтуынша, қазір оның бұрынғы күйеуі келіп аңдып, қайта оралуға мәжбүрлеп жүр.

«Полиция бұл факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жиналған материалдар қылмыстық жәбір көрсетушіні жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді», деп хабарлады Алматы полициясы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда белгісіз ер адам орындықта отырған әйелге шабуыл жасаған еді.