Таңдау әркiмнiң өз еркiнде

Рая ЕСКЕНДIР

Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияда «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Жолдаудың басымдықтарын түсiндiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауына орай қалалық қоғамдық штаб мүшелерi Алматы қаласы Iшкi саясат басқармасының талдау мониторинг және әдiстемелiк жұмыс бөлiмiнiң бастығы Роза Кәрiпжанова, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия директоры Аягүл Миразова, Медеу ауданы бiлiм саласы қызметкерлерiмен кездестi.

Жиында Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ерi Аягүл Миразова Бiлiм саласының 2010–2020 жылдарға арналған заңына сәйкес атқарылып жатқан iс-шаралардың басты-бастыларына тоқталып өттi.

Мұғалiм мәртебесiн көтеруде Үкiмет тарапынан барлық жағдайдың жасалып жатқандығын, мұғалiм еңбекақысының сатылай көтерiлiп келе жатқанын орынды мысалдармен түсiндiрген Аягүл Төреқызы барлық бiлiм саласы қызметкерлерiне жiгер бере сөйледi.

Осыдан соң сөз алған Роза Оспанқызы бiлiмнiң қарашаңырағында қызықты кездесудi Елбасының «Болашақ», «Балапан» бағдарламалары аясында атқарылып жатқан шаруалармен толықтырды.

– Бiр кездерi бiздiң оқушыларымызға компьютер түгiл, калькулятордың өзi таңсық болатын. Қазiр әрбiр мектептiң сыныбы компьютерлендiрiлген дей келе, елiмiз Тәуелсiздiк алғалы 20 жылда қол жеткiзген табыстарымызға тоқталды. Сөз соңында барлық қатысушылардың сайлау учаскесiне келулерiн, ал кiмге дауыс беру үшiн таңдау өз ерiктерiнде екендiктерiн ескерттi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *