Сурдлимпиадада қазақстандық таеквондошылар екі медаль алды

Сурдлимпиадада қазақстандық таеквондошылар  екі медаль алды
Сурет: Inform.kz

Бразилияның Кашиас-де-сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының алтыншы күнінде қазақстандық таеквондошылар қанжығыға тағы екі медаль байлады. Бұл туралы «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Орталықтан хабарланғанындай, еліміздің таеквондошылары Аян Абдраш 58 кг және Нұрдәулет Жақып 68 кг салмақта өнер көрсетіп, қола медаль алды.

Сондай-ақ, әйелдер арасында қазақстандық таеквондошы Айжамол Абдикатова 49 кг салмақта сынға түсіп, үздік бестіктен көрінді.

XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары 15 мамырға дейін жалғасады. Оған әлемнің 100 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.