Супер-спринт жеңімпаздары анықталды

Супер-спринт жеңімпаздары анықталды
Сурет: ҚР Спорт комитеті

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышысы Мария Геращенко Италияда шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды.

Спортшы супер-спринтте жүлдеге қол жеткізді. Бұл қашықтықта үздік нәтижені латвиялық спортшы Линда Капаркалея көрсетті. Екіншісі итальяндық Анна Мария Гиди болды. Қазақстандық шаңғышы Елизавета Толмачева 9-шы орынды иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жасөспірімдер арасында Дастан Калибеков 5-ші орынды иеленді. Сұлтан Базарбеков - алтыншы орында. Артем Завялов 15-ші болды. Көшбасшылар үштігіне Джонатан Линдберг (Швеция), Сильвестрс Сваукстс (Латвия) және Алессандро Корради (Италия) кірді.

Жарыс 9 қыркүйекте Валь-ди-Фьемме қаласында өтті. Жарысқа Германия, Греция, Италия, Қазақстан, Кения, Латвия, Лихтенштейн, Норвегия, Румыния, Словакия, Словения, Тайбэй, Украина, Швейцария, Швеция және Эстония өкілдері қатысты.