Су саласында 1700-ден астам әйел жұмыс істейді

Су саласында 1700-ден астам әйел жұмыс істейді
Сурет: интернеттен

Қазақстанның су саласында 1700-ден астам әйел жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнында 1579 нәзік жанды арулар қызмет атқарады. 

Су ресурстары және ирригация министрлігінде 75 әйел бар. Министрлік жанындағы Су шаруашылығы және бассейндік инспекциялар комитетінде 99 әйел жұмыс істейді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов отандық су саласында қызмет етіп жүрген аруларды мерекемен құттықтады.

«Қазақстанның су саласында қызмет атқаратын барлық аяулы аруларымызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың шаттық күлкісін, сондай-ақ жаңа биіктерді бағындыру үшін толағай табыс пен күш-жігер тілеймін. Еліміздің су ресурстарын сақтау және қорғау бойынша ортақ жұмысымызды сіздердің қажырлы еңбектеріңізсіз елестету мүмкін емес. Гүлдей құлпырып, әр күндеріңіз қуанышты сәттерге толы болсын», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.